АймақБұқар жырауЖаңалықтар

Доскейдегі наурыздың дүбірлі думаны

22 наурыз күні Доскей ауылында “Береке,бірлік бастауы-Наурыз!” атты Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған бірнеше шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Таңертеңнен ауылдағы Мәдениет Үйінің алаңында орналасқан ақ киізүйлерге “Наурыз дастарханы” жайылып, ауыл қонақтары мен тұрғындары дәмнен ауыз тиіп жатты.Бұл дастархан мәзірін дайындауға ауыл мекемелері ат салысып, ауыл әкімі Исаинов Рүстем Жеңісұлы Алғыс хаттармен марапаттады. Ауыл кәсіпкерлері өздері өндіретін өнімдерін, кәуап, палаумен келген қауымды тамақтандырды.

Мәдениет Үйінде көңілді “Наурыз нақыштары” атты концерттік бағдарлама “Шаттық” би ансамблінің “Шашу” биімен ашылып, Бұқар жырау аудандық маслихат төрағасы Әли Асхат Сағадиұлы және ауыл әкімі Рүстем Жеңісұлының мерекемен құттықтаған ізгі тілектеріне ұласты.

Мәдениет Үйінің қызметкерлері мен “Әсем әуен” вокалды тобы қатысушылары дайындаған “Салт-дәстүр асыл мұрамыз” атты көріністі көрермендерге ұсынды.

Наурызға ән мен жырдан шашуларын шашқан жас әншілер Кәусар Ергазиева, апалы-сіңілі Яна, Виктория Горбуновалар, “Әлқисса”домбырашылар және “Балдаурен” , “Шаттық” бишілер ансамбльдері, кішкентай әнші Исахан Русланұлы, Аринова Айсаналарды көрермендер қошеметіне ие болды. Сонымен қоса Мәдениет Үйінің фойесінде қолөнер көрмесі “Мирас” өнер мектебінің (ұстаздар Зекенова М, Терещенко Е.А, Болат Медет), Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп, қолөнершілер Марзия Жұмажанқызы, Мөлдір Көбейқыздарының үлес қосуымен ұйымдастырылды. Барлықтарына алғысымыз шексіз.


Көңілді шара 8 наурызда басталған “Жұлдызды жұп” өнер сайысының “Наурыз нақыштары” бөлімімен жалғасып, қорытындысы шығарылды. Бас жүлде “Ақбота” балабақшасының өнерлі жұбы иеленіп, кубок, Диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Барлық қатысқандарға диплом, ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Сонымен қоса спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Ауыл кәсіпкерлері тай жарысын өткізіп, жеңімпаздарға ақшалай сый-сияпаттар көрсетілді.

Ержан ИМАШ

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button