Доскейде көпқабатты үйлер қалпына келтірілуде
Бұқар жырау ауданының Доскей аулында кезінде қаңырап, иесіз қалған көпқабатты үйлер қалпына келтірілуде.

Бұл орайда 2021-2025 жылдар аралығында осында қалпына келтірілген 5 үйге пәтер кезегінде тұрған 200 отбасы қоныстанса, енді 2025 жылдан бастап 30 пәтерлі бес қабатты үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, сол үшін облыстық бюджеттен 606 миллион 261 мың теңге қаржы бөлінген.

Айтылған күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым “Констракшн Трайнинг Ресурсер” ЖШС (директоры – Мату Махаев) құрылысшылары атқаруда.

– Сәтін салса, бұл үйдің күрделі жөндеуі осы 2026 жылы аяқталып, тағы да 30 отбасы қонысмайын тойлайтын болады, – дейді осы жұмыстарға тапсырыс беруші “Бұқар жырау ауданы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнагүл Искакова.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



