Жаңалықтар
Доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 4 желтоқсан 2025 жылы сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда жабылды. Сауда нәтижесінде доллардың орташа салмақты бағамы 499,65 теңге болып, тағы 3,98 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің ресми бағамы — 503,89 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 501,37 теңгеден сатып алынады, 503,97 теңгеден сатылады. Еуро 582,76 — 587,57 теңге, ал рубль 6,43 — 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,44 теңгеден сатып алынады, 74,40 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 499,66 теңгеден сатып алынады, 506,66 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 579,52 теңге, сату — 589,52 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 72,36 теңге, сату — 76,79 теңге.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА


