Жаңалықтар

Долинка колониясынан рецидивист қашып кеткен

Қарағанды облысындағы Долинка колониясынан бірнеше рет сотталған рецидивист қашып кетті. 29 жастағы ер адам 31-шілдеде колонияға іргелес аумақта жұмыс істеу кезінде қашып үлгерген.

 

Алайда, полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқын ұзақ уақыт бостандықта жүре алмай, бірнеше сағаттан кейін ұсталды.

Ер адам бұған дейін бірнеше рет темір торда отырып шыққан. Оның қылмыстық арсеналында ұрлық, тонау, көлік ұрлау, басқа біреудің мүлкін қасақана жою және тағы басқалары бар.

– Аталған факт бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы, атап айтқанда, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті.

Рецидивист қашып кеткен колонияда қызметтік тергеу басталғанын айту керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button