Бас тақырып

Дмитрий БУКСМАН, подполковник: «Әскерден жалтару абырой әкелмейді!»

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы әр қазақстандық жас азаматтың қосар үлесі – мерзімді әскери қызметке баруға деген құлшыныста жатыр. Осыған орай, Отан қорғаушы күні қарсаңында Қарағандыдағы Қазыбек би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Дмитрий БУКСМАНМЕН әңгімелесудің сәті түсті. Темірдей тәртіп пен таңқаларлық төзімді талап ететін әскери өмірдің бір қыры бүгінгі сұхбатымызда. Мархаббат.

 

– Дмитрий Александрович, төл мерекеңіз құтты болсын! Бірден сұраққа көшейін, әскерге шақырылушыға деген талап жыл санап күшейіп бара жатқан жоқ па?

– Өткен жылдардағы әскерге шақыру сараптамасы азаматтарды мерзімді әскери қызметке іріктеу мейлінше сапалы болған сайын сарбаздың әскердегі барлық дайындық деңгейі де жоғары болатынын көрсетті. Сөйтіп, Қарулы Күштер қатарын сапалы түрде іріктелген сарбаздармен толықтыру – қазақстандық әскердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етеді. Осы күні Қазақстан әскері білімді әскери қызметшілерге басымдық береді. Себебі, жаңа технологиялар мен жабдықтауларды тиімді пайдалана білу үшін ең алдымен жоғары және орта кәсіптік білімі бар шақырылушылар назарға алынады.

– Бұл талап заң жүзінде бекітілген бе?

– Иә. Оған дәлел – 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы. Сондай-ақ, бұл заң әскерге шақырылушыларға қойылатын талапты денсаулық, психологиялық тұрақтылық және біліми тұрғыда күшейте түсті. Мәселен, бұған дейін бойы 155 см. құрайтын жігіттер әскерге алына беретін болса, осы күні сарбаз бойы 165 см.-ден кем болмауы тиіс. Жоғары білімділерге басымдық беріледі. Орта кәсіптік білімі болса да құба-құп. Ең жоғары талап мемлекеттік күзет қызметінде (бұрынғы республикалық ұлан) әскери борышын өтейтін шақырылушыларға қойылады. Олардың бой 180 см-ден кем емес, көз жітілігі «бір», бой және салмақ массасының индексі 19-ды құрауы қажет.

– Демек, шақырылушылардың білімі ескерілетін болғаны ғой?

– Дұрыс айтасыз. Әскер қатарына шақырылушыларды іріктеу және оларды әскери бөлімдерге бөлу кезінде болашақ сарбаздардың алған білімі назарға алынады. Жас жауынгерлерді жинақтау аумақтан тысқарылық принципі негізінде Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы- ның әскери оқу-жаттығу бөлімдеріне жберіледі. Шақырылушылардың жеке ісімен танысу барысында шақыру комиссиясының өкілдері келешек Отан қорғаушының біліміне, мамандығына, отбасы жағдайына, дене және әскери даярлығына жоғары мән береді. Өз кезегінде, шақырылушы қандай да бір нақты әскер қатарын да борышын өтегісі келсе, онысы да ескеріледі. Осы мақсатта шақыру пунктерінде сауалнама жүргізіледі.

– Мерзімді әскери қызметтен ат-тонын ала қашатын азаматтарға қандай да бір жаза қолданатын болар?

– Онсыз болсын ба? Ондай азаматтар әкімшілік, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы ықтимал. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңға сәйкес, жергілікті әскери басқару құрылымының шақыртуына бармаған азамат бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК – 2525 теңге) айыппұл төлейтін болады. Әскерге шақырушы комиссияның жолдамасы негізінде медициналық тексерістен өтпеген азаматқа 3 немесе 5 АЕК негізінде айыппұл салынады. Ал, мерзімді әскери қызметтен заңды негізсіз жалтарған тұлғаға 1 жылдық АЕК көлемінде айыппұл салынады, немесе, осы мерзімге сәйкес бас бостандығынан айырылады. Егер, мән-жайды одан сайын ауырлатқан жағдайда айыппұл мөлшері 3 жылдық АЕК құрап, сәйкесінше, бас бостанды- ғынан айырылу мерзімі де 3 жылға жуықтайды.

– Азаматтық парызын өтеген сарбазға әскери қызметін жалғастыруға қандай да бір мүмкіндік қарастырылған шығар?

– Әрине. Әскери борышын өтеп келген сарбаз қалаған жағдайда келісім-шарт негізінде жалғастыра алады. Бұл жағдайда, өтініш білдіруші медициналық тексерістен өту және басқа да тиісті түрлі талаптарды орындап, оң қорытынды шығарылған болса әскери қызмеке қабылданады. Отбасы болған кезде жолдасын қызметке тұрғызу, балабақшаға баласын кезексіз орналастыру, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тиімді шарттар бойынша баспанаға қол жеткізу сияқты жеңілдіктер тағы қарастырылған. Азаматқа Отанға адал қызмет етуден артық абырой бар ма? Сондықтан, келісім-шарт негізіндегі Отан қорғаушыларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Қазақстан әскері имиджін қалыптастыратын саналы сарбаздардың тұрмысын жақсарта түсетін де осындай оң бастамалар.

– Көктемгі әскери шақырту кезінде Сіз басшылық етіп отырған бөлімнен қанша азамат әскерге аттанбақ?

– Өздеріңіз білетіндей, 1 наурызда мерзімді әскери қызметке кезекті көктемгі шақыртылу бас- талды. 1 наурыз бен 30 маусым аралығында Қазыбек би ауданының 230 азаматы әскерге атта- нады деген ойдамыз. Осы күні 4 азамат мемлекеттік күзет қызметіне аттанып үлгерсе, ҰҚК ше- кара қызметіне 26 жігіт жіберілді. Қазіргі күні ІІМ әскери бөлімшелерін сарбаздармен толықтыру жұмыстары жүруде. 20 мамырдан бастап ҚР Ұлттық ұланы қатарын толықтыратын боламыз. Сондықтан, болашақ Отан қорғаушыларға айтарым, мерзімді әскери қызметтен жылтару азаматқа абырой әкелмейді. Ел мен жерді қорғауға біркісідей атсалысуымыз қажет.

– Сөз соңында оқырмандарымызға не тілер едіңіз?

– Облыс тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қай заманда бол- сын, әскери қызмет ардың ісі болып келді. Әлі де солай. Міндетке адалдық пен жанкештіліктің жарқын көрінісі әскери өмірде айқын байқалады. Бұл – ерлік пен өжеттіліктің, рух пен жігердің мерекесі. Отанға деген сүйіспеншілік пен бойымыздағы патриоттық сезімді тәрбиелей түсетін де осы мейрам. Қазақстанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Ал, Қарулы Күштеріміз қашан да ел қорғанында болсын!

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Рауан ҚАБИДОЛДА.

Басқа материалдар

Back to top button