Спорт
Дмитрий Бачек – «Шахтер» сапында
Қарағандылық «Шахтёр» футбол клубының қатары жаңа ойыншымен толықты. Бұл жолы қарағандылық футбол мектебінің түлегі Дмитрий Бачек клубпен келісімге келді.

Футболшы кәсіби мансабын 2018 жылы «Шахтёр М» сапында бастаған. Онда 42 матч өткізіп, 15 гол салған. Сонымен қатар, «Шахтер-Болат» сапында да өнер көрсетіп, 6 матчта 2 голдық пасс береді.
2019 жылы Премьер-лигада дебют жасап, дебюттік маусымында 6 ойын өткізді. Сонымен қатар, «Ақсу», испаниялық «Побленсе», «Антекера» және белорустың «Арсенал» клубында ойнаған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz