Жаңалықтар
Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды
Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы дүниеден өтті.
Айта кетейік, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа “Ерен еңбегі үшін” медалі 2019 жылы берілген болатын. Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдығын тойлаған болатын.



