Бас тақырыпЖаңалықтар
Димаш Құдайберген халықаралық деңгейдегі жаңа музыкалық жобаның продюсері болмақ
Әнші Димаш Құдайберген халықаралық деңгейдегі жаңа музыкалық жобаның продюсері болатынын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz.

-Қуанышты жаңалығым бар. Кезінде әлемдегі жанкүйерлерімнің қалыптасуына үлкен әсер еткен “I’m Singer” жобасын көрсеткен Қытайдың “Hunan TV” арнасымен бірігіп, менің алғашқы продюсерлік жобам жарыққа шықпақ. Бұл – “I’m Singer” форматына ұқсас, бірақ басқа бағыттағы, әлемдік деңгейде өтетін жаңа халықаралық әншілер байқауы. Мен бұл жобада продюсер ретінде ғана емес, қазылар алқасының мүшесі ретінде де қатысамын. Алдағы жұмыстың нәтижесін бірге көре жатармыз, – деді Димаш Құдайберген.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.