Бас тақырыпРесми

Халықтық Конституцияны қолдау коалициясының ресми сайты іске қосылды

Алдағы референдум мен Жаңа Конституция жобасына арналған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының ресми сайты іске қосылды. Ресурс қазақстандықтардың ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнымен танысуына мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде құрылды.

referendum2026.kz сайтында Негізгі заң жобасының толық мәтіні орналастырылған. Сондай-ақ мұнда өзекті материалдар, сарапшылар пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар жарияланып отырады.

Сайт құрылымы пайдаланушылардың мазмұнды жылдам бағдарлап, алдағы дауыс беруге қатысты практикалық сұрақтарына жауап табуына ыңғайлы етіп жасалған.

Ақпаратты қабылдау қолайлылығына ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған бейімделген нұсқа және бет параметрлерін реттеу мүмкіндігі қарастырылған.

Түсіндіру материалдарымен қатар, платформада Конституцияның маңызын және оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тақырыптық жарияланымдар, бейнематериалдар мен интерактивті форматтар ұсынылған.

Сайт ұсынылып отырған реформалардың мәнін жан-жақты зерделеп, саналы шешім қабылдағысы келетін азаматтарға тексерілген ақпаратқа қол жеткізуге жағдай жасайды.

Аталған ресурс «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының жұмысының жалғасы ретінде құрылды. Коалиция құрамына жетекші саяси партиялардың өкілдері мен жүздеген қоғамдық ұйымдар енген. Бірлестіктің жұмысы ел аумағында кеңінен жүргізіліп, Жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіруге және оны іске асыруға қоғамдық қатысуды кеңейтуге бағытталған кездесулер мен ашық диалог алаңдары ұйымдастырылуда.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button