Әділетті Қазақстан үшін тағдыр шешті қадам
15 наурыз тарихымызға ел дамуының бағыт-бағдарын айқындаған маңызды күн ретінде жазылды.

Exit Poll қорытындысы таныстырылғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәлімдеме жасап, Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс бергенін, бұл – баршаға ортақ жетістік екенін айтты.
Шын мәнінде, референдум нәтижесі – азаматтарымыз ел болашағына бейжай қарамайтынын және Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Қазақстандықтардың белсенділігі мен жоғары азаматтық жауапкершілігі егемен еліміздің демократиялық дамуының мызғымас кепілі екені анық.
Сондықтан, азаматтар аталған тарихи шешім арқылы елдің ұзақмерзімді даму стратегиясын анықтап, нағыз Халық Конституциясын қабылдады деуге толық негіз бар. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды және тағдыршешті қадам.
Алдымызда Тәуелсіздікті нығайту және Отанымызды одан әрі өркендету жолындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Қадиша ОСПАНОВА,
Облыстық мәслихаттың депутаты



