Бас тақырып

Әділет министрлігі көлікті жылыту нормасын қайта қарайтын болды

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ережені қайта қарау жөнінде депутаттар бастама көтерді. Мәселені шешу үшін арнайы ведоствоаралық комиссия құрылады.

Сурет: www.autonews.ru
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 2025 жылғы 16 қаңтарда Сенатта өткен брифингте көлікті 5 минуттан артық қыздыру ережесін қайта қараудың қажетті шарттарын айтты.
Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБК) енгізілген барлық түзетулер тиісті ведомствоаралық комиссияда қаралады, оның жұмысын Әділет министрлігі қолдады.

 

— Комиссияның құрамына тек мүдделі мемлекеттік органдар ғана кірмейді, бізде Парламент депутаттары да бар, ғылыми қауымдастық бар. Өйткені диспозиция тұрғысынан да, санкциялар жағынан да теңгерімді түрде өзгерістер енгізу өте маңызды. Олай болса, осы тақырып бойынша депутаттық сауал болса, бұл мәселе көтеріліп, талқыланатын болады. Нәтижелер туралы қосымша ақпарат шолудан кейін беріледі деп ойлаймын, – деді Жақселекова.

Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссияның құрамына 10-ға жуық мемлекеттік орган кіреді.

Айта кетейік, қазіргі айыппұл 19 660 теңге. Ал жүргізуші екінші рет ережені бұзса 39 320 теңге айыппұл салынады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button