Ресми
Әділдік барда жеңіс те бар
Мен еліміздің жаңа Конституциясы жобасындағы адамның лауазымы мен мәртебесіне қарамастан заң мен сот алдында барлығы тең болатын нормасын ерекше бағалаймын.

Өйткені рингте те, өмірде де кез келген жеңістің негізі–әділдік. Ережелер барлығына бірдей болғанда ғана сенім қалыптасады. Сондықтан мен конституциялық реформаларды қолдап, қашанда әділ ережелерді жақтаймын!
Абылайхан ЖҮСІПОВ
Бокстан әлем чемпионы,
Абай қаласы



