Ресми

Әділ сайлаудағы лайықты таңдау

Сайлау – кез келген мемлекеттегі маңызды оқиға. Ел Президентіне дауыс бере отырып, біз өзіміздің және отбасымыздың тағдырын сеніп тапсырдық. Таңдау жасау арқылы әрі қарай қандай принциптер бойынша өмір сүретінімізді айқындадық.

Мемлекет бізге осындай құқықты қамтамасыз етсе, оны әлбетте, пайдалану керек. Яғни, құқығыңды – пайдалан, ал, мүддеңді – қорға. Мен мұны адвокат ретінде білемін. Өзіңнің ел тағдырындағы маңыздылығыңа және жауапкершілігіңе бей-жай қарауға болмайды. Мемлекет халқына Ел Президентін сайлау құқығын берді, ал, халқы оны лайықты қабылдап, дұрыс таңдауын жасады. Бұл менің және сіздің мемлекетке қосқан үлесіміздің бір парасы.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы адам құқығының ажырамас бөлігі ашық және әділ сайлауға және мемлекетті басқаруға қатысуы екенін мойындайды. Туған елге, жерге деген немқұрайлылық пен енжарлықтан жаман ештеңе жоқ. Біз, қазақстандықтар бейбітшілік, тұрақтылық үшін, еліміздің өркендеуі үшін сайлауға барып, өз ұстанымымызды көрсеттік. «Кім үшін? Не үшін?» дейсіз ғой? Әлбетте, өзіміз үшін, отандастарымыз үшін, әріптестеріміз үшін, жақындарымыз үшін.

Қазақстан бірегей ел. Онда тұратын адамдар да ерекше. Біз үшін негізгі байлық – отандастарымыз. Біздің таңдау құқығымыз бар және кезектен тыс Президент сайлауында осы құқығымызды пайдаланып, әділ таңдауымызды жасадық.

Елена Тризуб,

адвокат, кәсіби медиатор

Басқа материалдар

Back to top button