Жаңалықтар
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі биыл 7 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Арман Жұмагелдиевке қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевті қамауға алған болатын.