«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты
Іс бойынша негізгі айыпталушыларға қатысты сот оларды кінәлі деп танып, үкім шығарды:
Арман Жұмагелдиев – 20 жылға бас бостандығынан айырылды, оған түрлі ұйымдарға қатысуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салынды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатов – 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрынғы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оған сонымен қатар әлеуметтік желіге қатысуға, митинг, пікірталас өткізуге, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салынды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА