Жаңалықтар

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты. Мұндай деректерді Үкіметтің жыл  қорытындысына арналған баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты.

Сурет Үкімет

Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі.

«Бұл көрсеткіштерге жаңа индустриялық жобалар елеулі үлес қосуда. Биыл іске қосылған кәсіпорындар толық қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жылына қосымша 2,3 трлн теңгеге өсуі мүмкін»,— деп атап өтті вице-министр.

Үкімет

Басқа материалдар

Back to top button