Дерек пен дәйек
2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Қазақстан мен шет мемлекеттерде өтетін бұл іс-шаралар кемінде 1,5 млн адамды қамтиды деп көзделіп отыр.
Биыл Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Бұл – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа діндердің көшбасшылары бір шаңырақ астында бас қосып, әлемнің дамуындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде, діннің қоғам дамуына ықпалы бойынша пікір алмасатын жоғары деңгейдегі ауқымды шара.
***
2025 жылы ғарышқа тәуелсіз шығуды қамтамасыз ететін Қазақстанның меншікті метеорологиялық зымыраны ұшырылады.
***
Қазақстан 2025 жылы Жапонияның Осака қаласында өтетін EXPO көрмесіне қатысады. Көрменің жалпы ауданы – шамамен 155 гектар. Көрме 13 сәуір мен 13 қазан аралығында Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді. Көрмеде Қазақстан павильоны «Өмірді құтқару» кластерінде орналасады.
***
2025 жылы елімізде «Орталық Азия – Қытай» саммиті ұйымдастырылады. Бұл шешім 2023 жылғы мамырда Сиань қаласында өткен алғашқы «Орталық Азия – Қытай» саммитінде қабылданды.