ПрезидентРесми

Депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін — Президент

– Депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ұлттың жасампаздық әлеутін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз. Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», – деді Президент.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button