Жаңалықтар

Депутаттық корпус Қарағанды облысының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөліп отыр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Бексұлтанов, Асхат Аймағамбетов, Үнзила Шапақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессорлары және оқытушылар құрамымен  пікір алмасып, қоғам дамуының өзекті бағыттарын ортаға салды.

Сурет Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан заңнамалық реформаларға тоқталды.

«Президенттің сұхбаты мен Жолдауы бізге алдағы жұмыстарды айқын көрсетті. 2026 жыл реформалар жылы ретінде белгіленді. Конституциялық өзгерістерді іске асыру жөніндегі жұмыс тобы жүйелі түрде еңбек етуде. Бастапқы жоспардан да кең көлемде түзетулер қарастырылып жатыр. Себебі халық пен сарапшылар тарапынан келіп түскен ұсыныстар аз емес. Бұл — азаматтық қоғамның кемелденіп келе жатқанын білдіреді», — деді Үнзила Шапақ.

Депутаттар балаларды 5 жастан бастап мемлекет қолдайтын жинақтау жүйесіне тоқталып, ата-ана баланың есепшотына 12 АЕК салса, мемлекет оны 60 АЕК көлемінде толықтыратынын атады.  Құдайберген Бексұлтанов бұл бағдарламаның келешекте қоғам үшін нәтиже беретінін атап өтіп, ата-аналарды банк таңдауда мұқият болуға шақырды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button