Ресми

Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс төрағасын сайлады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Қошановты бірауыздан сайлады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап

– «Мен «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Жақанұлы өңірлерде жұмыс істеп, өзін кәсіби мемлекеттік қызметкер ретінде көрсетті. Ол бірінші шақырылымдағы Сенат депутаты, Қарағанды ​​облысының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы, сонымен қатар VII Мәжіліс төрағасы, «АМАNАТ» партиясының төрағасы болды, – деді Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Отырыс барысында бір ғана кандидат ұсынылды.

Сондай-ақ депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасына жасырын дауыс беруге арналған бюллетень беру туралы қаулы қабылдады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button