Жаңалықтар

Депутаттар қатары толықты

Облыстық мәслихат кезектен тыс ХІІІ сессиясында облыстық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы мен ұсынысын қарап, жаңадан сайланған депутаттарды тұрақты комиссия құрамына енгізу мәселесін қарады. Онлайн режимде өткен аталмыш сессия жұмысына бұған дейін өкілеттігін тоқтатқан депутаттардың орнына партиялар өз кандидаттарын ұсыну үшін үзіліс жариялаған болатын. Одан бөлек, Amanat партиясынан тағы екі депутат өздерінің өкілеттіктерін тоқтатты.

Облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешовтің төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Одан бөлек, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетовтің ұсынысын қарастырып, Amanat партиясының екі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылданды.

Сондай­-ақ, жаңадан сайланған депутаттар, атап айт­ қанда Назым Алпысбаеваның, Бахтияр Қожахметовтің, Силар Қияқбаевтың және Ержан Тоқымбаевтың ұсыныс­ тары да қаралды. Сәйкесінше, аталған төрт депутат облыстық мәслихаттың бейінді тұрақты комиссияларының құрамына бөлінді.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

Сонымен қатар, қос батырдың атындағы екі көшенің басына ескерткіш тақта орнатылды. Аталған тақтаның ашылу рәсімінде қос полицейдің жақындары жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

– Білімдерін, мамандықтары мен тәжірибелерін ескере отырып, депутаттар Назым Алпысбаеваны, Бахтияр Қожахметовті және Ержан Тоқымбаевты әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына енгізу ұсынылады. Силар Қияқбаев өнеркәсіп, шағын орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына және Ержан Тоқымбаев депутаттық өкілеттік, заңдылық, этика және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына енгізуге ұсыныс жасалады.

Серік Өтешов өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан депутаттарға белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button