Шахтинск

Депутат – ел арасында

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Нұрлан Әбдіров Шахтинск қаласына іссапармен келді. «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Тентек» шахтасына барған депутат Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-нің жұмысымен танысқан депутат еңбек ұжымымен арнайы жүздесті.

«Қысқа кезеңде Президент өзара байланысы бар екі маңызды мәлімдеме жасады. Бірінде саяси реформалар туралы айтылды, ал, екіншісінде экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі туралы айтылды. Экономиканы нарықтық рельске жылдам әрі тиімді көшіру керек болғанда, Президент барлық жауапкершілікті өзіне алды. Басты қозғаушы күш – Елбасының беделі, білімі, тәжірибесі, даналығы болды. Бүгінгі реформалар логикасы: бізде президенттік басқару нысаны қала тұра, Үкіметтің жауапкершілігі артады», – деді өз сөзінде Нұрлан Мәжитұлы.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

Шахтинск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button