Жаңалықтар
Әдепсіз әрекеті үшін он күнге қамалды
Әлеуметтік желілерде Теміртау қаласындағы «Самарқанд» су қоймасында суға түсіп жүрген ер адам мен әйелдің әдепсіз әрекеті түсірілген видео пайда болды. Олар жағажайдағы көпшіліктің көзінше әдепсіз әрекетке барған. Осы оқиғаға байланысты құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жиналған материалдар сотқа жолданды.

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған екі адамның жауапкершілікке тартылып, ер адам 10 тәулікке қамауға алынып, оның серігіне 78 640 теңге айыппұл салынғанын хабарлады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.