Жаңалықтар

Департаментте – жаңа басшы

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы қызметін Ерлан ТЮЛЮПОВ атқаратын болады.

Ерлан Қуанышұлы Тюлюпов 1979 жылы Семейде дүниеге келген.

2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін аяқтады. 2014 жылы Шпайер қаласында Неміс Әкімшілік Басқарма университетінде «әкімшілік ғылым магистрі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Қаржы министрлігі жүйесінде 2000 жылдың қазан айынан қызметін бастады. Еңбек жолын Астана қаласы Қазынашылық департаментінің жетекші маманы болып бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Семей қалалық қазынашылық басқармасының басшысы, Қазынашылық комитеті Заң қызметі басқармасының басшысы, ҚР ҚМ Бюджеттік заңнамасы департаменті Бюджетті атқару әдіснамасы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

ҚР ҚМ Жауапты хатшысының 2018 жылы 20 наурыздағы №229-ж/қ бұйрығымен Ерлан Қуанышұлы Тюлюпов Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button