Жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің   кезекті   отырысын өткізді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Күн тәртібіне сәйкес, 6 мәселе  қарастырылды.  Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалыстарын беру және іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдаудың нәтижелері,  сондай-ақ,  бірқатар мемлекеттік орган басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жұмыстың қорытындылары  тыңдалды.  

Нұра ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары, Қарағанды қаласы әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясының төрағасының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептері қарастырылды.
Сонымен қатар,  бір  мемлекеттік қызметшіге қатысты  қозғалған тәртіптік іс қарастырылып, Кеңес қорытындысы бойынша  оған  «ескерту» түрінде  тәртіптік жаза  қолданылды.
Өз кезегінде мемлекеттік  органдардың мемлекеттік  қызметшілері онлайн режимде ат салысып, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында  Кеңес мүшелері бекітілген заң талаптары мен әдеп қағидаларын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілердің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша   тиісті  ұсыныстар  берді.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаменті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button