Ресми

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Аймақта әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне сәйкес бірқатар  профилактикалық сұрақтар қарастырылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz МҚІД Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жағдайы, мемлекеттік қызметтік автокөлікті мақсатқа сай пайдалануына жүргізілген талдаудың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, Шет ауданының әкімінің және Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  туралы  заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша  жүргізілген  жұмыс нәтижелері туралы баяндамалары тындалды.

Отырысқа өзге мемлекеттік органдардың өкілдері онлайн форматта қатысып, туындаған мәселелерге жауап берді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық ұсынымдар берілді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button