Жаңалықтар

Әдеп бар жерде, тәртіп бар

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс.

Аталған мақсаттарға жету және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын орындау мақсатында, әрі мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде еліміздегі барлық мемлекеттік органдарда жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер инсти туты енгізілді. Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша көмек көрсетіп тұрады. Және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қалпына келтіру біздің жауапкершілікке жатады. Уәкіл жұмысының маңызды бағытының бірі – жылына екі рет ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анонимді сауалнама арқылы зерделеп, нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің ара қатынасына, басшы мен қызметшілердің қарым-қатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасап, ұжымдағы жағдай қалыпты болмаса ұжым басшысына ұсынымдар береді. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдер институты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттардың бірі болып табылады.

Бағлан ҚАНАТОВА, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас сарапшысы.

Басқа материалдар

Back to top button