Приозерск

Әдеп – алтын діңгек

Жақында Приозерск қаласында «Әлеуметтік желі, мемлекеттік қызметкерлердің интернеттегі этикасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға жергілікті өзін – өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиын барысында, әлеуметтік желінің даму тарихы және мемлекеттік қызметкердің интернеттегі этикасы туралы жадынама ережесі, қызметтік көліктердің жұмыстан тыс кездегі қолданысы мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Оның ішінде, мемлекеттік қызметкер өзінің интернет желісіндегі жеке парақшасына қандай суреттер, видеолар жариялауына болмайтындығы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.  Сондай-ақ, республикамыздың басқа облыс аймағындағы мемлекеттік қызметкерлердің жеке парақшаларында мемлекеттік қызметкерлердің әдеп этикасына сәйкес келмейтін видео материалдар мен слайдтар көрсетілді.

Өз тілшімізден.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button