Басты тақырыпПриозерск

ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТЫП, ШЫҢДАҒАНДАР

    Нақтылай айтсақ, 22 үйірме мен секцияда спорттың әр түрінен күнделікті жаттығу жиыны өткізіліп, қалалық жастардың белсенділігі де арта түсуде. Мәселен, қазір осы үйірме 800-ден аса оқушы өздері қалаған спорт және музыка, қолөнер, сурет салумен шұғылданады.

Балалардың музыка мектебінде шығармашылықты жетілдіру студиясы жұмыс жасайды. Жасөспірімдер және спорт мектебінде бассейн бар. Мұнда спорттың кез келген түрімен шұғылданып, шыңдалуға айтарлықтай мүмкіндік жеткілікті. Кейіннен жаңа 3 спорт секциясы ашылды. Бұған да оқушылар көптеп келе бастады. Мәселен, «Достық» орталығында стол теннисі, бокс, жүзу, жеңіл атлетикамен шұғылдануға ересектер ынта танытып жүр. «Самал» жеңіл атлеттер, «Карась» балық аулаушылардың әуесқой клубында жылма-жыл жарыс өткізіліп, жеңімпаздарды анықтап жатады.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы осынау игілікті іс-шаралар халықтың денсаулығын түзетуге, өмір жасын ұзартуға септігін тигізері сөзсіз.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Приозерск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button