Денсаулық сақтау министрлігі: зардап шеккен кеншілер қажетті медициналық көмек алуда
Костенко атындағы Қарағанды шахтасында болған жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккендер Х. Мақажанов атындағы облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жедел жеткізілді, дайындалған дәрігерлер бригадалары жағдайларының ауырлығына қарай келіп түскен кеншілерді уақтылы емдеуді бастады.
Қарағанды, Абай және Шахтинск қалалары стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде 24 зардап шегуші емдеуге жатқызылды, оның ішінде:
20 зардап шегуші жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланумен «Проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Пациенттердің жағдайы нашарлаусыз, детоксикациялық және симптоматикалық емдеу жүргізілуде.
Бір пациент ұсақ жарақаттармен «Проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» ШЖҚ КМК реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделуде. Жағдайы тұрақты, нашарлаусыз, есінде.
Тағы бір зардап шегуші Проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана» ШЖҚ КМК орташа ауырлықтағы жағдай. Жағдайы нашарлаусыз.
Екі кенші улы газдармен уланумен «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» КМК терапия бөлімшесінде, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын, таңертең нашарлаусыз.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшелер деңгейінде зардап шеккендер зерттеліп-қаралып, амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Барлық пациенттерге барлық қажетті диагностикалық зерттеп-қараулар мен манипуляциялар жүргізілді: зертханалық зерттеулер, компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография, медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер (нейрохирургтар, травматологтар, хирургтар, терапевттер, токсикологтар, реаниматологтар, психологтар, функционалдық диагностиктер) тартылды.
Травматология және ортопедия ғылыми орталығының, Нейрохирургия ғылыми орталығының республикалық мамандары консультация жүргізді, барлық облыстық штаттан тыс мамандар жұмылдырылды.
Ербол ЕРБОЛАТ.