Медицина

Денсаулық сақтау министрі Қарағанды облысының бас дәрігерлерімен бірқатар мәселені талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысы медициналық ұйымдарының басшыларымен халыққа медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттары талқыланған, кадр саясаты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стандарттарды сақтау бөлігінде барынша проблемалы учаскелер анықталған кеңес өткізді.

Бұл ана мен бала денсаулығын сақтау саласында, қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар және хирургиялық араласулар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты.  

Инсульт кезінде медициналық көмек көрсету бөлігінде ишемиялық инсультпен ауыратын ациенттерге жүргізілген жүйелі тромболиздің төмен үлесі байқалады.  В.Дудник пациенттерді диспансерлеу, инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы бойынша МСАК  терапевттері, ЖПД деңгейіндегі әлсіз жұмыс үйде  болатын жоғары өлім-жітімнің себебі болып табылатынын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі медициналық ұйымдарының тарапынан жол берілген бірқатар өрескел заң бұзушылықтар бойынша сын айтты.

А.Ғиният Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына лицензия мен сертификаттардың болуы, медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуы бөлігінде негізгі салалық талаптарды бұзатын бірқатар медициналық ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды.

Министр клиникалық хаттамаларды сақтау және жүзеге асырылып жатқан қызметті талдау бөлігінде хирургиялық көмекті стандарттауда әдіснамалық көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ мамандарын шақыруды ұсынды.

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button