Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясының үндеуі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Біздің еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басты.

Қазақстандықтар 2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс сайлауда бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беріп, Қазақстан Республикасының жаңа Президентін сайлады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Мемлекет басшысының өкілеттігін тапсыру толығымен еліміздің Конституциясына сәйкес өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдап, ресми түрде Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

Осыған байланысты біз, облысымыздың мыңдаған азаматтарының мүдделерін білдіретін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясының мүшелері, еліміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,

Президент сайлауының бейбіт және демократиялық сипатын жоғары бағалай отырып;

басты құндылықтары Адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын Елбасының Қазақстанның егеменді, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуға бағытталған стратегиялық бағытын жалғастырушы ретінде қазақстандықтардың жаңа сайланған Президентке деген жоғары сенімін сезіне отырып;

қазіргі таңда бүкіл әлем мойындап, құрметтейтін тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы еліміздің Тұңғыш Президентінің аса көрнекті рөлін мойындай отырып;

Қазақстан халқы алдында сіңірген еңбегі үшін Елбасына зор құрмет пен алғыс білдіре отырып; болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігімізді сезіне отырып, тарихымыздың осы бір маңызды кезеңінде Қазақстан халқына Үндеуімізді жолдаймыз.

Біз барлық қазақстандықтарды ынтымаққа, бірлікке және қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, әділдік пен барша халықтың игілігі үшін өрлеу сияқты қазақстандық даму жолының басты құндылықтарын сақтауға шақырамыз.

Біз Мемлекет басшысының жалпыұлттық диалог институты ретіндегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөніндегі бастамасын қолдаймыз және барлық азаматтарды оның жұмысына қатысуға шақырамыз.

 Біз Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев айқындап берген еліміздің стратегиялық басымдықтарына сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау көрсетуге және Елбасының Тәуелсіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға тиіспіз.

Біз бекем бірліктің арқасында ғана алдымызда тұрған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі мен өркендеуін қамтамасыз ете аламыз!

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық Коалициясының мүшелері

2019 жылғы 20 маусым,

Қарағанды қаласы.