Демалыс күндері елімізде ауа райына синоптиктер болжамы қандай?
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі осы демалыс күндері 4-5 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклонға енетіндіктен, республиканың бірқатарт бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жел күшейеді.
4 қарашада күндіз батыстан келетін антициклон әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, температура төмендейді.
– Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус аяздан 8 градус жылыға дейін көтеріледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 2 градус аязға дейін төмендейді. Таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз -5+15 градус аралығында болады, – делінген хабарламада.
Еліміздің барлық өңірінде түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы бар.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА