Жаңалықтар
Демалыс күндері елімізде 38 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 20, 21 және 22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық қысымның төмендеуі аясында кейде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады және екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ пен қатты нөсер жаңбыр күтіледі.
– Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20…+28, оңтүстігінде +34…+39, республиканың орталығында +25…+33, оңтүстік-шығыста +30…+38, батысында +33…+38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА