Аймақ

Демалыс күндері қала тұрғындары үшін орталық саябақта түрлі шаралар жоспарланған

Осы аптаның сенбі-жексенбі күндері қарағандылықтар мен қала қонақтарына орталық саябақта түрлі қызықты іс-шаралар күтеді. 

 

22 шілде

08.00–09.00 – Орталық саябақта, сондай-ақ Майқұдық саябағында скандинавиялық серуендеу;

12.00 – «Табиғат аясына тіл курстары» курсы бойынша тыңдаушылармен сабақтар;

17.00–18.30 – Дубовка ауылының мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы;

19.00–20.00 – «Қарағанды келбеті» жас суретшілер көрмесі, сондай-ақ Jastar fest жас әншілері мен ақындарының кездесуі.

23 шілде

11.00 – зумба-фитнес;

17.00–18.00 – «Қазақ дәстүрлі өнері кеші» шығармашылық кеші;

19.00–20.00 – топтың концерттік бағдарламасы.

Саябақтың батыс бөлігінде (Green City Park), 14.00–19.00 аралығында

«Доброфест» фестивалі. Мұнда үй жануарыңызбен бірге келуге, сән көрсетілімдеріне, фотокөрмелерге және фотоконкурстарға қатысуға, еріктілерден кәдесыйлар сатып алуға және үйсіз жануарларға көмектесуге, сондай-ақ ветеринарлардан тегін кеңес алуға болады.

Аттракциондар сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін, балалар теміржолы 11.00-ден 18.00-ге дейін (жол жүру – әр сағат сайын).

Облыстық әкімдік дайындаған іс-шаралармен демалыс күндеріңізді қызықты өткізіп, саябақта серуендеуге шақырамыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button