Жаңалықтар

Демалыс күндері 25-30 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сурет: freecity.lv

Алдағы күндері белсенді Атлантика циклоны және одан туындайтын атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. 

6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте де мол жауын-шашын болады.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 

Елдің батысына, солтүстік-батысына, солтүстігіне және шығысына Солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары келеді.

Осының салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді. 

Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта күн райы 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градусқа дейін суытады. 

Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны минус 5 және плюс 7 градус шегінде болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button