Жаңалықтар

Демалыс – қауіпсіздігі өзекті

Жазғы демалыстың басталғаны балаларды үлкен қуанышқа бөлейтіні рас. Ал, атааналар үшін керісінше алаңдайтын кез. Өйткені, жаз айларында ойын қуған балалар үлкендердің қарауынсыз қалады. Осы орайда, атааналарды үрей мен алаңдаудан арылтып, балалардың жазғы демалысын бұзбаудың алдын алу шараларын атап өткен жөн.

Жазғы демалыста су қоймаларындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған дұрыс. Атап айтсақ, жеткіншектер жаз айларында арнайы жабдықталған орындарда үлкендердің бақылауымен ғана суға түсуі қажет. Арнайы суда орнатылған шектеу белгілері нен асуға болмайды. Оның арғы жағы күрт терең, суы салқын және балдырлары қалың өскен жер болуы мүмкін. Сондай-ақ, суға түскен кезде балалардың жағалаудан, қоршаудан суға секіруіне және сүңгуіне тыйым салу қажет. Су ішінде ойнауға да болмайды. Оған қоса, суға жүзе алмайтын балаға арнайы қауіпсіздік құралдарын, үрленген жеңқаптар мен жилеттер кигізу қажет.

Жеткіншектердің даладағы жүріс-тұрыстары ерекше қадағалауда болғаны дұрыс. Балаларға алау жағу, сіріңкемен ойнау қауіпті екенін түсіндіру қажет. Кез келген ата-ана аталған ескертулерге құлақ асып, балаларымен дұрыс әңгімелесер болса, онда жазғы демалыс мерзімі балаларыңыз үшін тамаша демалыс болатынына сенім зор.

Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасы.

Басқа материалдар

Back to top button