Жаңалықтар

Деген екен…

Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақтауын жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі, жолбарыс жүректі азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оңтайлы сәтті қалт жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу, Рафеке, мақтаймын деп менің кеудемді зоопаркке айналдырып жібердіңіз ғой» деген екен.

***

Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып, жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап: «Жүке, қош келдіңіздер, сіздерге ет асайық па, әлде қуырдақ қуырып жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын Жүкең: «Үйлеріңізде қазан біреу-ақ па еді?» деген екен.

Басқа материалдар

Back to top button