Даяшы күтпеген жерден байлыққа кенелді
Адамның мейірімі шексіз, тек соны көрсете алу адамның өз қолында. Мәселен, Техас штатының тұрғыны Мелина Салазер асқан мейірімділігінің арқасында күтпеген тосын сыйға ие болды. Салазер Техас штатындағы Браунсвилл қаласында 16 жыл бойы даяшы болып қызмет атқарып келеді. 16 жылдың ішінде мыңдаған келушілерге қызмет көрсетті.
Алайда бір клиент даяшы қыздың есінде мәңгілікке сақталды. «Ол өте дөрекі болатын. Келген сайын жанжал шығарып кетеді», деп айтты Салазер мейрамхананың тұрақты клиенті жайында.
Әлгі тұрақты клиенттің есімі Сворд болатын. Ол – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, жасы 89-да, 7 жылдан бері осы мейрамханадан тұрақты түрде тамақтанып келеді.
Өзгелердің зығырданын қайнататын әдеті көп еді: даяшыдан мүмкін емес дүниені талап ететін, тамағы жылы болса да, ысытып әкелуін сұрайтын.
Алайда Салазер оны әрдайым шынайы күлкісімен қарсы алатын. Уақыт өте келе Салазер ардагердің ойын оқитын дәрежеге жетті. «Мен оған тек қамқорлық танытқым келді».
Өткен жылдың жаз айында Сворд мейрамханға келуін доғарады. Салазер некрологтардың тізімінен оның есімін таппайынша, не болғанын білмеген. Ардагер өмірден озды. Сөйтіп уақыттар жылжи берді.
Рождествоға бірнеше күн қалғанда Салазерді күтпеген тосын сый күтіп тұрды: дөрекі клиент оған өсиет ретінде $50000 қалдырып кеткен. «Өз көзіме өзім сенбедім. Ойласам, денем әлі күнге дейін тітіркенеді», дейді Салазер.
Мейірбан даяшы ешқашан қамқорлық көрмеген адамға көрсеткен мейірімділігі үшін тосын сыйға ие боды, оны өмірдің өзі марапаттады. «Менің арманым – әлемдегі барлық даяшылар біздің батырларымызға лайықты түрде қаморлық танытып, мейірімділігін төксе екен», деп сөзін аяқтады Салазер.
Гүлім Жақан