Жаңалықтар

Даяна қарсылас шақ келтірмеді

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында парадзюдодан Азия чемпионаты өтті. Мұнда қарағандылық спортшы Даяна Федосова 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Азия чемпионы атанды.

Аталмыш чемпионатта Азияның 11 елінен 100-ге жуық үздік спортшы бақ сынаған. Даяна Федосова нашар көретін спортшылар арасында (J2 санатында) сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Төрт жекпе-жек өткізіп, барлығын да төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен. Бүгінде ол облыстық мүгедектер спортына мамандандырылған мектептің тәрбиеленушісі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button