Жаңалықтар

Дауыспен қоса бата берді

Майқұдықтағы 12 ықшам аудан тұрғындары Жамбыл атындағы №7 гимназияда ораналасқан №139, №140 сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда. Арасында 18 жасқа толып, алғаш рет Президент сайлауына қатысқан 8 сайлаушы бар.

“Дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Екі учаскеде 20 бақылаушы отыр. №139 сайлау учаскесінде – 2039 сайлаушы, ал, №140-та – 2272 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін 18 жасқа жаңа толған 8 адам келді. Дауыс бергендер саны – 725 адам. 18 жасқа толған мүмкіндігі шектеулі бір қыз бала келді. «Қазақстан» шоколадын сыйлап, қуантып жібердік. Сайлаушылардың белсенділігі өте жақсы, кезек те болып қалады арасында. Аузы дуалы, ақ сақалды бірнеше қария келіп, «Елдің келешегі кемел болсын!» деп батасын берді. Заң бұзушылық болған жоқ”, – дейді №139 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, гимназия директоры Бектөре Бөкенов.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button