Жаңалықтар

Дауыс берушілер саны анықталды

Облыс сайлаушыларының 78,39 пайызы дауыс берді. Белсенділік танытқан – Осакаров ауданы. 40 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 84,77 пайызы дауыс беріп, алға шықты.

Дегенмен, өзге аудандар да қалыс қалмады. Мәселен, 39 сайлау учаскесі бар Ақтоғай ауданы тұрғындарының 84,48 пайызы дауыс берсе, Бұқар жырау ауданының 84,49 пайызы 51 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Қарқаралы халқының да 84,26 пайызы сайлауға келгенін айтау керек. Бұл ауданда барлығы 49 сайлау учаскесі бар.

Дауыс беруде белсенділік танытқан аудандардың бірі – Нұра ауданы. 34 сайлау учаскесіне сайлаушылардың 84,39 пайызы келіп, дауыс берген. Шет ауданының тұрғындары да белсенділік танытты. 56 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің пайыздық көрсеткіші – 84,15

Сайлаушылар саны бойынша ең аз дауыс берген – Теміртау. Бұл жердегі 59 сайлау учаскесінде 76,24 пайыз сайлаушы бюллетень парағын алған.

Облыс орталығы – Қарағандыда 180 сайлау учаскесі бар. Қарағандылықтардың 76,23 пайызы дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button