Жаңалықтар

Дауыс берушілер легі толастар емес

Қарағандыдағы «Достық үйінде» орналасқан №792 референдум учаскесінде саяси науқан жоғары деңгейде өтуде. Дауыс берушілер легі учаске ашылғалы толастаған жоқ.

Халықтың дауыс беруге қатысты сұрақтарына толық жауап беріп жатырмыз. Қай учаскеде дауыс беретінін білмей келіп жатқандарға Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы көмегін көрсетіп, түсіндіруге дайын. Басқа аудандардан келгендер де сырттай дауыс беру талоны арқылы өз таңдауларын жасап жатыр. Тұрғындардың белсенді қатысуынан-ақ олардың өзгерістерден кейінгі болашаққа сенімдерін көруге болады, – дейді №792 референдум учаскесінің төрағасы Айман Тілегенова.
Референдумда таңдауын жасауға келген Мейрамкүл Ермекова ұйымдастыру жағына ерекше тоқталды.
Конституцияға енгізілетін өзгерістермен таныспын. Елімнің ертеңіне дауыс беремін. Учаскеде дауыс беруге барлық жағдай жасалған, – дейді Мейрамкүл ханым.
Диас БАЙСБАЙ.

Басқа материалдар

Back to top button