Ресми

«Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

Сурет www.election.gov.kz

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:

  1. Egov mobile, екінші деңгейлі банктер (Kaspi Bank, Halyk Bank) және байланыс операторларының SMS-хабарламалары сияқты ресми дереккөздерден жіберілетін сілтемелер арқылы немесе төменде жарияланған QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.

https://www.gov.kz/referendum?lang=kk

https://referendum2026.gov.kz/kk

https://referendum.gov.kz/kk

  1. Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің Сall-орталығына хабарласып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақтылауға болады. Call-орталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

Басқа материалдар

Back to top button