Ресми

Дауыс беру – міндет

Егіндібұлақ селосында партияларға дауыс беру қарқынды жүруде. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мәдениет үйінде орналасқан №571 сайлау учаскесінде тіркелген 1441 сайлаушы бар. Түске дейін олардың елу пайыздан астамы, яғни, 750-і өз таңдауларын жасады.

– Село тұрғындары саяси науқанға бір кісідей белсенді түрде атсалысып жатыр. Бұл еліміздің келешегі, халқымыздың болашағына зор үмітпен қарайтындықтарының белгісі деп есептеймін. 9 бақылаушы мен сенімді өкілдер жұмысты назарда ұстауда. 5 адам белгілі себептермен басқа жақтан дауыс бермек, 30 адамға денсаулығына байланысты әрі зейнет жасында болғандықтан үйден дауыс беруге мүмкіндік алды. Бұл науқаннан көнекөз, көпті көрген қарт адамдарда тыс қалмады. Таңнан алғашқы болып, ауыл ақсақалы Шынар Қабыкенов атамыз келді. Індет жағдайындағы қауіпсіздік шаралары толығымен ескерілген, – дейді, сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Кенжебеков.

Сағыныш ӘБІЛ.

 

Қарқаралы ауданы,

Егіндібұлақ селосы.

Басқа материалдар

Back to top button