АймақЖаңалықтар

Дауыс беру барысы – байқаушылар назарында

Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданындағы №129 референдум учаскесінде дауыс беру процесі таңғы сағат 7:00-де басталды. Учаскеде комиссия мүшелері мен байқаушылар жұмыс істеп, дауыс беру барысын бақылауда. №129 референдум учаскесінің төрағасы Салтанат Макаеваның айтуынша, таңертеңнен бастап тұрғындардың белсенділігі байқалады.

– Бүгін сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін №129 референдум учаскесіне 300-ге жуық азамат келіп дауыс берді. Дауыс беру барысында ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Алғашқылардың бірі болып, 18 жасқа енді толған жас сайлаушы келіп дауыс берді. Қазіргі уақытта орта буын өкілдері мен қарт адамдар да белсенді, өз таңдауын жасауда, – деді учаске төрағасы.

Сонымен қатар учаскеде бақылаушылар да дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатқанын атап өтті.

Сурет автордан

– Референдум заң талаптарына сәйкес. Дауыс беруге еш кедергі жоқ. Дауыс беру процесі тыныш әрі қалыпты жағдайда өтуде, – дейді №129 учаскенің байқаушысы Меруерт Біралина.

Жалпы, №129 референдум учаскесінде тұрғындардың референдумға қызығушылығы жоғары.

Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq,kz

Басқа материалдар

Back to top button