Ресми
Дауыс беру – азаматтық парыз
Қарағандыдағы №60 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Таңғы сағат 10:00-ге дейін сайлау учаскесіне тіркелген 1182 адамның 100-ге жуығы дауыс берді.
Дауыс беру таңғы 7:00-де басталды.
– Ел болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар азаматтық парызын орындап, дауыс беруде. Дәл қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, – деді №60 сайлау учаскесінің төрағасы Индира Смаилова.
№60 сайлау учаскесіне түрлі себептермен дауыс беруге өздері келе алмайтын азаматтардан 4 өтініш түскен. Аталған учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өтініштерді сағ 12:00-ге қабылдап, дауыс беретін азаматтардың үйіне барады.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.
Оrtalyq.kz