Жаңалықтар

Дауыс беру қарқын алды

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайындағы №17 референдум учаскесінде дауыс беру қарқын ала түсті. Мұнда сағат 16:00-дегі ақпарат бойынша таңдауын жасаған тұрғындардың саны 1000-нан асты.

— Дауыс берушілердің басым бөлігі – 50 жастан асқандар. Келген тұрғындардан «Сұрақтарыңыз бар ма?» деп әрқайсысынан жеке сұрап отырмыз. Әзірге, сырттан келіп, дауыс берген қала қонақтары жоқ. Дауыс беру шарасы ойдағыдай жүріп жатыр, — деді сайлау учаскесінің төрағасы Олег Валедский.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Суретті түсірген Руслан ҚАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button