Ресми

«Дауыс береміз» деп жылады

Әлихан Бөкейхан ауданы, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте 141, 142 сайлау учаскелері орналасқан. Қазірдің өзінде 200-ден астам адам дауыс беріпті.

Айрықша айта кетерлігі, мұнда бір қызықты, әрі жүрек толқытар сәтке куә болдық. 16 ықшам аудан тұрғыны Бибігүл Берікқызы сайлауға екі кішкентай баласын алып келген.

– Дауыс берер сәтте, балаларым “Біз де дауыс береміз. Белгілеп, жәшікке саламыз” деп жылады. Сосын балаларыммен  бірге бюлетенді белгілеп, жәшікке салдық, – дейді Бибігүл Серікқызы.

Мұны көрген жұрт: «Нағыз патриот азамат болып өсетіні көрініп тұр. Өркені өссін! Жаңа Қазақстанның жанашыр азаматтары болғай!» – деп бата беріп жатты.

Жәлел ШАЛҚАР.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button