Ресми
«Дауыс береміз» деп жылады
Әлихан Бөкейхан ауданы, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте 141, 142 сайлау учаскелері орналасқан. Қазірдің өзінде 200-ден астам адам дауыс беріпті.
Айрықша айта кетерлігі, мұнда бір қызықты, әрі жүрек толқытар сәтке куә болдық. 16 ықшам аудан тұрғыны Бибігүл Берікқызы сайлауға екі кішкентай баласын алып келген.
– Дауыс берер сәтте, балаларым “Біз де дауыс береміз. Белгілеп, жәшікке саламыз” деп жылады. Сосын балаларыммен бірге бюлетенді белгілеп, жәшікке салдық, – дейді Бибігүл Серікқызы.
Мұны көрген жұрт: «Нағыз патриот азамат болып өсетіні көрініп тұр. Өркені өссін! Жаңа Қазақстанның жанашыр азаматтары болғай!» – деп бата беріп жатты.
Жәлел ШАЛҚАР.
Оrtalyq.kz